Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы (экономикалық тергеп-тексеру қызметі)
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 31 қазандағы № 37 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 57-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары бекітілсін (экономикалық тергеп-тексеру қызметі). 2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңмен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 8 бұйрығымен бекітілді
Қаржылық мониторинг органдарының (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 57-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) тәртіптік жаза - қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|