Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Заңның 4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушілерді қоспағанда, оны бекіткен (нақтылаған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің веб-сайтында және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылады.»; «9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі 324. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, егер Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады. 325. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін және мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 326. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерді түпкілікті берген күнге дейін кемінде он күнтізбелік күн ішінде Заңның 18-бабының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті. 327. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 19-бабына сәйкес береді. 328. Олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей өтініш беруге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуі тиіс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей: олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді жіберуге; конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті. 329. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде жеке бастамасы бойынша немесе олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалардың сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей: олар туралы мәліметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін өтеусіз негізде жіберуге; тапсырыс берушінің веб-сайтында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялауға міндетті. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі бес күнтізбелік күнге ұзартылуы тиіс. 330. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу, конкурсқа қатысуға жіберу туралы және конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларды жасайды. 331. Осы кіші бөлімде реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялар мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.»; мынадай мазмұндағы 10-бөліммен толықтырылсын: «10. Өтпелі ережелер Осы Ереженің 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330 және 331-тармақтарының ережелері 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»; 2) «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысында: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Іс-шаралар жоспарынан туындайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ерекше тәртіппен жүзеге асырылады деп белгіленсін.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|