|
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XIIІ жазғы универсиаданың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 4) тармақшасына және «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 07-03-20/14-И хатына сәйкес, сондай-ақ білім алушы жастардың денсаулығын нығайту және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында спортты дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XІIІ жазғы универсиаданың ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 88 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XІIІ жазғы универсиаданың Астана қ., 2025 жыл
1. Мақсаттары мен міндеттері
1.1. Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XІIІ жазғы универсиадасы (бұдан әрі - Универсиада) мына мақсаттарда өткізіледі: 1) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру; 2) жастарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту; 3) бұқаралық дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, студенттер арасында тәрбие жұмысын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|