Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 199 бұйрығымен бекітілген
Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
1. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 72-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін айқындайды. 2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|