«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2018 жылғы 1 маусымдағы № 1132 қаулысымен бекітілген
«Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086/е нысаны бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамасы (бұдан әрі - анықтама). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|