Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының аумағында карантиндік режимінің күшін жою туралы және «Карантиндік режимді енгізе отырып, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумағында карантинді аймақты белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 06 сәуірдегі № 03-169 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының аумағында келесі жер учаскелерінде залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимінің күші жойылсын: 1) Ақжар ауданы, залалданған алаңы - 73,1 гектар жатаған у кекіре; 2) Жамбыл ауданы, залалданған алаңы - 190,01 гектар жатаған у кекіре; 3) Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы, залалданған алаңы - 204 гектар жатаған у кекіре; 4) Тимирязев ауданы, залалданған алаңы - 1840,082 гектар жатаған у кекіре; 5) Уәлиханов ауданы, залалданған алаңы - 1160,5 гектар жатаған у кекіре; 6) Шал ақын ауданы, залалданған алаңы - 58 гектар жатаған у кекіре. 2. «Карантиндік режимді енгізе отырып, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумағында карантинді аймақты белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелген тізілімінде № 6284 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|