Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 1080 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізудің және тәртіптік жаза қолданудың тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсынымдар құқық бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қызметтік тергеулер жүргізу кезінде заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеу бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасының 37-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар). 2. Осы әдістемелік ұсынымда пайдаланылатын негізгі ұғымдар «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған. 1) қызметтік тергеу - қызметкердің теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді оны жасауының мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында жинау және тексеру жөніндегі қызмет; 2) тәртіптік жаза - қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы; 3) тәртіптік жауапкершілік - тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қызметкерлердің заңды жауапкершілік түрі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|