Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобасы (бұдан әрі - пилоттық жоба) осы пилоттық жобаның іске қосылу мерзіміне байланысты іске қосылсын. 2. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру, Ана мен бала денсаулығын қорғау, Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменттерімен бірлесіп пилоттық жобаны іске асыруды және жүргізудің ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|