«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау
ҚР 2016 жылғы 29 ақпандағы № 466-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 12 тамызда күшіне енді
2016 жылғы 23 қарашадағы Хаттамаменосы келісімнің қолданылуы 2017 ж. 1 қаңтар мен 2018 ж. 31 желтоқсан аралығына ұзартылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады)
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, тауарлардың заңды айналымын қамтамасыз ету мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады: «мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органы» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мыналарды: оларға қатысты бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау туралы шешім қабылданған тауарлар айналымына бақылау жасауды; бақылау (идентификациялау) белгілерімен тауарларды таңбалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуін; оларға қатысты бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау туралы шешім қабылданған тауарлар айналымына бақылау жасау жөніндегі мүше мемлекеттің атқарушы билік органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген мүше мемлекеттің атқарушы билік органы; «бақылау (идентификациялау) белгісі» - тауарларды таңбалауға арналған қолдан жасаудан қорғау (қорғалған полиграфиялық өнім) элементтері (құралдары) бар қатаң есептілік бланкісі. Кіріктірілген радиожиілік белгісін қамтитын бақылау (идентификациялау) таңбаларын пайдалануға рұқсат етіледі; «бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау» - бекітілген үлгідегі бақылау (идентификациялау) белгілерін тауарларға түсіру; «тауарлар айналымы» - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды сақтау, тасымалдау, өндіру, оған әкелу, мүше мемлекеттер аумақтарында сатып алу және өткізу (сату); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|