|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2022.25.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 35-қосымшаның талапатарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантинді енгізудің сараланған тәсілін;»; 2) 1-қосымшада: 4-тармақ алынып тасталсын; 3) 3-қосымшада: 4-тармақ алынып тасталсын. 2. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.25.03. № 16 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.03. № 14 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-қосымшада: «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу» деген 7-бөлімнің 104-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «104. КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мыналар жатады: 1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін; 3) лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін; 4) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 5) Қазақстанда «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасымен вакцинациялаудың алғашқы курсын аяқтау үшін шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар. Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.»; 2) 133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «133. «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.». 5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Орталық мемлекеттік органдар, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде темір жол, теңіз, өзен көлігінде және автобиль өткізу жолдарында осы қаулыға 1 және 6-қосымшаларға сәйкес шектеу шараларын жүргізуді қамтамасыз етсін.»; 2) 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келген барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Анықтама ПТР әдісімен зерттеуге материал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда жарамды болады. Балаларды алып жүретін адамдарда Анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан; авиакомпаниялар экипаждарынан; Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәтте құжаттамалық растау ұсынған кезде Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдардан; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдардан Анықтама ұсыну талап етілмейді. Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.»; 3) 6-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасына теміржол, теңіз, өзен көлігіндегі және автомобиль өткізу жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде) (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. ПТР әдісімен зерттеуге материал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда Анықтама жарамды болады. Балаларды алып жүретін адамдарда Анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан; локомотив бригадаларының мүшелерінен; темір жол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдардан; ҚР шекарасын кесіп өткен сәтте құжаттамалық растау ұсынған кезде Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдардан; Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдардан Анықтама ұсыну талап етілмейді.». 6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 7. Осы қаулы 2022 жылғы 19 ақпаннан бастап күшіне енеді.
1-қосымша. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.14.03. № 14 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |