|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты, iзгiлiк қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғым Осы Заңның мақсатында əлеуметтік жағынан осал адамдарға: 1) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын ардагерлер мен басқа да адамдар; 2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар; 3) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге елу жасқа толған жəне ол жастан асқан əйелдер, алпыс жасқа толған жəне ол жастан асқан ер адамдар; 4) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жүкті əйелдер; 5) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған жəне он сегiз жасқа толмаған баласы (балалары), оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа жəне (немесе) қамқоршылыққа алған баласы (балалары) бар не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жəне сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедектігі бар баласы (балалары) жəне (немесе) бала кезінен мүгедектігі бар адам (адамдар) болған əйелдер; 6) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған жəне кəмелетке толмаған баланың (кəмелетке толмаған балалардың), оның iшiнде асырап алған баланың (балалардың) жалғыз ата-анасы болып табылатын не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жəне сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедектігі бар баласы (балалары) жəне (немесе) бала кезінен мүгедектігі бар адам (адамдар) болған ер адамдар; 7) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар деп танылғандар жатады.
2-бап. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату 1. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан: 1) қылмыстық теріс қылықтар жəне (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар; 2) залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар; 3) залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған əлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады. 2. Негізгі жазадан теріс мінез-құлық дəрежесі жоқ, осы Заңның 5-бабының 4-тармағында белгiленген рақымшылық жасау актiсiн орындау кезеңiнде жазасын өтеуіне бiр жылдан аспайтын уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар босатылады. 3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, іс жүргізудегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер қылмыстық процесті жүргізетін органның адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, тоқтатуына жатады. 4. Жасағаны үшін міндетті түрде қосымша жаза тағайындау көзделетін, соттардың іс жүргізуіндегі қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды сот негізгі жазадан босатады. 5. Осы баптың 1-тармағының күші қолданылатын сотталғандар негізгі жазасын ғана одан əрі өтеуден босатылуға жатады.
3-бап. Негізгі жазаның мерзімдерін немесе мөлшерлерін қысқарту 1. Осы Заңның 2-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларының күші қолданылмайтын, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімі немесе мөлшері екіден бір бөлігіне қысқартылады. 2. Жазасын өтеп жатқан немесе оны əлі орындамаған əлеуметтік жағынан осал адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері: 1) ауыр қылмыстар бойынша - үштен бір бөлігіне; 2) аса ауыр қылмыстар бойынша төрттен бір бөлігіне қысқартылады. 3. Əлеуметтік жағынан осал адамдарды қоспағанда, жазасын өтеп жатқан немесе оны əлі орындамаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жəне өздеріне қойылған талап қою талаптарын толық өтеген жағдайда не олар болмаған кезде: 1) ауыр қылмыстар бойынша - үштен бір бөлігіне; 2) аса ауыр қылмыстар бойынша төрттен бір бөлігіне қысқартылады. 4. Осы баптың 2 жəне 3-тармақтарының күші қолданылмайтын адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері: 1) ауыр қылмыстар бойынша - бестен бір бөлігіне; 2) аса ауыр қылмыстар бойынша алтыдан бір бөлігіне қысқартылады. 5. Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемденiп алғаны немесе талан-таражға салғаны немесе аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жəне өздеріне қойылған талап қою талаптарын толық өтеген жағдайда, бестен бір бөлігіне қысқартылады. 6. Теріс мінез-құлық дəрежесі жоқ, осы Заңның 5-бабының 4-тармағында белгiленген рақымшылық жасау актiсiн орындау кезеңiнде жазасын өтеуіне бiр жылдан аспайтын уақыт қалған, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мөлшері қысқартылады.
4-бап. Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар Осы Заңның күші: 1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған; 2) террористік қылмыстар жасаған; 3) экстремистік қылмыстар не экстремизм белгілері бар қылмыстар жасаған; 4) кəмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кəмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыстар жасаған; 6) қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған; 7) өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған; 8) қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз əскерилендірілген құралым құрамында қылмыстар жасаған; 9) өздеріне қатысты жаза орындалған жəне жазасын өтеген; 10) жиынтығында олардың бiріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған; 11) үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың бiріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған; 12) жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыстар жасаған; 13) 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде (1959 жылғы 22 шілдеден кейін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен) көзделген қылмыс - қасақана кісі өлтіру (88-бап) үшін сотталған; 14) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (1997 жылғы 16 шілдеден кейін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен) көзделген мынадай: адам өлтіру (96-бап); жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру (98-баптың екінші бөлігі); абайсызда кiсi өлтiру (101-баптың екінші бөлігі); өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу (102-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (103-бап); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру (104-бап); азаптау (107-баптың екінші бөлігі); адамның органдары мен тінін алуға мəжбүр ету немесе заңсыз алу (113-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116-баптың үшінші бөлігі); заңсыз аборт жасау (117-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); нəпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-əрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу жəне нəпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-əрекеттер (122-бап), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нəпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-əрекеттерге мəжбүр ету (123-бап), егер мұндай қылмыс кəмелетке толмағандарға қатысты жасалса; жас балаларды азғындату (124-бап), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың үшінші бөлігі); адамды саудаға салу (128-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-баптың екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-əрекеттер жасауға тарту (132-баптың үшінші бөлігі); кəмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-бап); кəмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-баптың екінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, əзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу жəне жария түрде шақыру (157-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен əдістерін қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); жалдамалылық (162-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (162-1-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап); мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық (166-1-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уəкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлiк (169-бап); Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (170-бап); диверсия (171-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне (немесе) оның қызметіне басшылық жасау (177-1-бап); тонау (178-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қарақшылық (179-бап); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың төртінші бөлігі); бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (187-баптың үшінші бөлігі); қылмыстық жолмен алынған ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (193-баптың үшінші бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-бап); экономикалық контрабанда (209-баптың үшінші бөлігі); мəмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мəжбүр ету (226-баптың екінші бөлігі); рейдерлік (226-1-баптың үшінші бөлігі); адамды кепілге алу (234-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-бап); қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-1-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-2-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру жəне оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-3-бап); ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын əзірлеу (235-4-бап); заңсыз əскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бірінші бөлігі); үйлерге, ғимараттарға, қатынас жəне байланыс құралдарына шабуыл жасау (238-бап); əуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап əкету, сонымен бірдей қолға түсіру (239-бап); теңіз қарақшылығы (240-бап); жаппай тəртіпсіздіктер (241-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (242-1-баптың төртінші бөлігі); сапасыз құрылыс (245-1-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (246-1-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу (247-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды жəне жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); қаруды заңсыз жасау (252-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап); бұзақылық (257-баптың үшінші бөлігі); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндіру (261-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру (264-бап); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (269-1-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау жəне жеңгетайлық (271-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау жəне айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (273-1-баптың екінші жəне үшінші бөліктері), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адам мəйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-баптың екінші бөлігі); темір жол, əуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-баптың үшінші бөлігі); көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы жəне көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы (296-баптың бірінші жəне екінші бөліктері алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдар жасаған жағдайда, үшінші бөлігі); көлік құралдарын сапасыз жөндеу жəне оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу (298-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу (300-баптың үшінші бөлігі); магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-баптың үшінші бөлігі); өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттері (341-баптың төртінші бөлігі); көрiнеу жалған сөз жеткiзу (351-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мəжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мəлiметтердi жария ету (356-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-баптың екінші бөлігінің в) тармағы); қылмыстық-атқару мекемесі əкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (361-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүр ету (368-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану іс-əрекеттері (369-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде əскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (370-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-баптың екінші бөлігі); қашқындық (373-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тəсiлмен əскери қызметтен жалтару (374-баптың үшінші бөлігі); жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-баптың екінші бөлігі); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (379-бап); қызметке селқос қарау (381-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нəрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-баптың үшінші бөлігі) қылмыстарын жасаған немесе солар үшін сотталған; 15) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (2014 жылғы 3 шілдеден кейін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін енгізілген өзгерістермен жəне толықтырулармен) көзделген мынадай: адам өлтіру (99-бап); аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (101-баптың екінші бөлігі); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету (105-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (106-бап); денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру (107-бап); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-1-бап); ұрып-соғу (109-1-бап); қинау (110-баптың екінші бөлігі); адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мəжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру (118-баптың үшінші бөлігі); қауіпті жағдайда қалдыру (119-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық əрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу (121-1-бап); көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де əрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кəмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу (122-бап), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де əрекеттерге мəжбүр ету (123-баптың екінші бөлігі); он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру (124-бап), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); адам саудасы (128-бап); кəмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-баптың екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды қоғамға жат əрекеттер жасауға тарту (133-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту (134-бап); кəмелетке толмағандар саудасы (135-бап); баланы ауыстыру (136-баптың екінші бөлігі); кəмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз əкету (143-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту (144-бап), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (156-баптың төртінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру (161-бап); жаппай жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу (162-бап); соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен əдiстерiн қолдану (163-бап); қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар (165-бап); қарулы қақтығыс уақытындағы əрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру (166-бап); геноцид (168-бап); экоцид (169-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (172-бап); мемлекетке опасыздық жасау (175-бап); тыңшылық (176-бап); мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (185-баптың үшінші бөлігі); тонау (191-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қарақшылық (192-бап); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193-бап); қорқытып алу (194-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың төртінші бөлігі); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, əкету немесе бүлдіру (203-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне оған басшылық ету (217-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау (217-1-бап); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (231-бап); мəмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мəжбүрлеу (248-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру жəне оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап); қылмыстық қоғамдастық құру жəне оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап); трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру жəне оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру жəне оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап); қылмыстық топтың əрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын əзірлеу (266-бап); күзетілетін объектіге заңсыз кіру (269-1-бап); теңіз қарақшылығы (271-бап); жаппай тəртiпсiздiк (272-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (274-баптың төртінші бөлігі); тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (277-баптың үшінші бөлігі); сапасыз салынған құрылыс (278-баптың үшінші бөлігі); сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу (279-баптың екінші бөлігі); сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау (280-баптың екінші бөлігі); жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (281-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (282-баптың үшінші бөлігі); радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу (283-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді жымқыру не қорқытып алу (284-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу (285-бап); айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттарды жəне жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (287-баптың төртінші бөлігі); қаруды заңсыз жасау (288-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дəрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (290-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап); өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу (292-баптың үшінші бөлігі); бұзақылық (293-баптың үшінші бөлігі); бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы (295-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу (297-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өндеу, өндіру (297-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру (299-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (299-1-бап); құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру (300-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы (301-1-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау жəне осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру (302-бап); санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-баптың үшінші бөлігі); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету (306-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту (308-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау жəне жеңгетайлық (309-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); кəмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау жəне олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту (312-баптың екінші жəне үшінші бөліктері), кəмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; өзін-өзі өлтіруді насихаттау (313-1-бап); адам мəйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою (315-баптың екінші бөлігі); медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кəсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (317-баптың төртінші бөлігі); жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу (319-баптың бесінші бөлігі); заңсыз медициналық жəне фармацевтикалық қызмет жəне есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (322-баптың төртінші бөлігі); теміржол, əуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (344-баптың үшінші бөлігі); көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-1-бап); көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жəне алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру (346-бап); көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару (348-баптың төртінші бөлігі); басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол беру (349-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (350-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу (351-баптың үшінші бөлігі); көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу (353-баптың төртінші бөлігі); магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (354-баптың төртінші бөлігі); алкогольдік, есірткілік жəне (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның əуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы, əуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру (358-баптың төртінші жəне бесінші бөліктері); басқаруға құқығы жоқ адамның əуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру (359-баптың төртінші бөлігі); билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану (362-баптың төртінші бөлігі); билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттері (380-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, əскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық (380-1-бап); жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану (380-2-бап); Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу (408-бап); конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету əрекеттерi (409-баптың төртінші, бесінші, алтыншы жəне жетінші бөліктері); көрінеу жалған сөз жеткізу (419-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мəжбүрлеу (422-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мəлiметтердi жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жəрдем көрсету туралы ақпаратты жария ету (424-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу (426-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы); қылмыстық-атқару мекемесі əкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (428-бап); қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру (428-1-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (429-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-баптың үшінші жəне алтыншы бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүрлеу (438-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану əрекеттері (439-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); əскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-баптың үшінші бөлігі); қашқындық (442-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); əскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-баптың екінші бөлігі); жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу (444-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу (446-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тəртіпті сақтау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-баптың үшінші бөлігі); билікті асыра пайдалану (451-баптың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері); қызметке салғырт қарау (453-баптың екінші жəне үшінші бөліктері); əскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (459-баптың үшінші бөлігі); қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен жəне нəрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (462-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу (463-баптың төртінші бөлігі); ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу (464-баптың үшінші бөлігі); адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, əскери ұшу аппаратын басқаруы, əскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-баптың үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктері) қылмыстық құқық бұзушылықтарын жасаған немесе солар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |