|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы (2025.23.09. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 4-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 104-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары: 1) жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Стратегиялық даму департаментіне Даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын; 2) Даму жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық даму департаменті жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей өткен кезеңдегі Даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін ақпаратты қоспағанда) дайындап, мен қол қойғаннан кейін оны веб-порталға орналастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 20 ___ жылғы « » _________
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 20 ___ жылғы « » _________
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|