Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Павлодар облысының Екібастұз қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған, Павлодар облыстық мәслихаты және Екібастұз қалалық мәслихаты мақұлдаған Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін. 2. «Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 979 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 838 қаулысымен бекітілген
Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін негіз қалаушы қала құрылысы құжаты болып табылады. Бас жоспар Қазақстан Республикасы Жер, Экология кодекстерінің, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, қала құрылысын жобалау саласына жататын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді. Бас жоспардың схемасы (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес аумақты перспективалы дамыту шекарасында орындалған. Бас жоспарда келесі жобалық кезеңдер қабылданды: бастапқы жыл - 2021 жыл; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|