«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде: орталық аппараттың функцияларында: 16-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 20-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «20-1) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі ұйымдарды, сондай-ақ арнайы бiлiм беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту;»; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту;»; 31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31-1) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 33) тармақша алып тасталсын; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;»; 39-1) тармақша алып тасталсын; 45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|