Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 707 «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсанындағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 3-4 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 111 488 717,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 77 864 798,8 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 6 792 279,3 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21 008,0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 26 810 630,9 мың теңге; 2) шығындар - 109 584 927,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 147 986,4 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 6 833 706,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 981 692,4 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 736 673,1 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 744 511,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 7 837,9 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|