Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету, есту протездік көмек көрсету, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 89/НҚ және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. 2022 жылғы 15 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету, есту протездік көмек көрсету, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) іске асырылсын. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету, есту протездік көмек көрсету, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаның алгоритмі бекітілсін. 3. Пилоттық жобаны жүргізу субъектілері ретінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (келісу бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (келісу бойынша), Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы (келісу бойынша), Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (келісу бойынша) (бұдан әрі - Басқармалар), қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (келісу бойынша) (бұдан әрі - Бөлімдер) айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|