Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бұрын өңірлік квотаға енгізілмеген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарда қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары және (немесе) ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар «Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметін алу үшін: 1) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағы 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші); 2) «Migration.enbek.kz» порталы; 3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|