2018-2019 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 235 бұйрығы
2019 жылғы 19 наурыздағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Ақтөбе қаласында, 2019 жылғы 28 наурыздағы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қызылорда қаласында өткен республикалық олимпиаданың IV кезеңінің (бұдан әрі - Олимпиада), 2019 жылғы 16 ақпандағы Алматы қаласында өткен 2018-2019 оқу жылындағы жалпы беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) қорытындылары жөніндегі хаттаманың негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Олимпиаданың I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Конкурстың I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі бекітілсін. 2. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық білім басқармаларының басшылары Олимпиада мен Конкурстың қорытындыларын білім беру ұйымдарында талқыласын және Олимпиадалар мен Конкурсты өткізудің барлық деңгейіне оқушыларды дайындау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (К.Қ. Башарова): 1) Қазақстан Республикасы құрама командаларының ғылыми жетекшілерімен және Олимпиада мен Конкурстың қазылар алқасының құрамын іріктеу бойынша ұдайы жұмыстар жүргізсін; 2) Олимпиада мен Конкурсқа дайындау бойынша арнайы курстар бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлесін және басып шығарсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|