«Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 500-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7820 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы; 2) жария шартқа қосылу - телерадио хабарларын тарату операторы мен абонент арасында шарт жасасу тәсілі, мұндай шарт кезінде қосылған абонент ұсынылған жария шарттың талаптарын оператор ұсынған осындай жария шартта көзделген тәртіппен қабылдайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|