ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.23.05. № 340 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 249 бұйрығына 1-қосымша
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей; аттестаттаудан өту не өтпеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде - аттестаттау өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексеруге міндетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|