|
|
|
«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 қаңтардағы № БМСД-4 Қаулысы
Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № БМСД-5 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтарындағы № 1 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралар туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысына (бұдан әрі - БМСД-2 қаулысы) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1) БМСД-2 қаулысының 2 тармағы келесідей редакцияда жазылсын: «1) мектепке дейінгі ұйымдарда - ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта; 2) жалпы білім беру мектептерінде: - 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) - штаттық форматта; - 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда - штаттық форматта; - 600 оқушыдан жоғары - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта. Білім беру ұйымдары әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі; 3) мектептен тыс ұйымдарда - штаттық форматта; 4) жоғары оқу орындарында және колледждерде аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.». 2) БМСД-2 қаулысының 1-қосымшасындағы 10 жолы келесідей редакцияда жазылсын: «
»; 3) БМСД-2 қаулысының 1-қосымшасындағы 14 және 24-жолдары алынып тасталсын. 2. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін. 3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы 2022 жылдың 24 қаңтары сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |