2024 жылғы 1 - 31 наурыз, 16 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізілетін электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы (2024.10.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.10.05. № 222 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу үшін ҰБТ өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) тізбесі анықталсын. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.10.05. № 222 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҰБТ өткізу үшін мынадай іс-шараларды: 1) аудиториялармен (компьютер сыныптарымен) және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді; 2) тестілеу барысын бақылау үшін тестілеуге қатысты аудиториялар мен аудиторияларға кіреберістерді, аймақтарды бейнебақылау жүйесімен, тестілеуге тыйым салынған заттарды алып кіруді болдырмау үшін металл іздегіштермен, ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдармен, фронтальды камералармен, тестілеуге бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін тұлғаларды тану жүйесімен қамтамасыз етуді; 3) ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдардың электромагниттік өрісін өлшеу жұмыстарының хаттамасын алуды ұйымдастыруды; 4) компьютерлермен және деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с басталатын Интернет байланыс арналарымен қамтамасыз етуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|