2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы (2017.18.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2017.22.02. № 15-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.14.04. № 19-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.16.06. № 20-6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.18.08. № 22-3 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет, тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 42597523 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 7631362 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 138626 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 778642 мың теңге; трансферттер түсімі - 34048893 мың теңге; 2) шығындар - 45637789 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге: бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 624036 теңге: қаржы активтерін сатып алу - 624036 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3664302 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3664302 мың теңге: қарыздар түсімі - 3171028 мың теңге; қарыздарды өтеу - 0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 493274 теңге. Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2017.14.04. № 19-3 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.18.08. № 22-3 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. 2017 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 62814 мың теңге сомасындағы мөлшерінде бекітілсін. 3. 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылу процессіне секвестрлеуге жатпайтын бюджет бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|