Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы (2016.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)», «су тоғандарында (учаскелерінде)», «су тоғандарын (учаскелерін)», «су тоғандарының (учаскелерінің)», «су тоғандары (учаскелері)», «су тоғандарына (учаскелеріне)» деген сөздер тиісінше «су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі», «су айдындарында және (немесе) учаскелерінде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерін», «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің», «су айдындары және (немесе) учаскелері», «су айдындарына және (немесе) учаскелеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік бақылауды» және «мемлекеттік бақылау» деген сөздерден кейін тиісінше «және қадағалауды» және «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) акваөсіру - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру; 2) аншлаг - аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу; 3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға; 4) аңшы куәлiгi - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат; 5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры - жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi; 6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) - оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы; 7) аңшылық иттердің ұлттық тұқымы - Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдіспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы; 8) аңшылық олжа - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары; 9) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi; 10) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi; 11) аңшылық шаруашылығы субъектісі - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға; 12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті - жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат; 13) аушы жыртқыш құс - аңшылықта пайдаланылатын бүркіт, сұңқар және қаршыға; 14) балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау; 15) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға; 16) балық аулау олжасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары; 17) балықтардың көбею кезеңі - белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі; 18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама - уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат; 19) балықтарды қорғау құрылғысы - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы; 20) балықтардың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы; 21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі; 22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы; 23) балық өсіру - акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты; 24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы; 25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi; 26) балық шаруашылығы - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі; 27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау - балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені; 28) балық шаруашылығы субъектісі - қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға; 29) балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық өсіру-мелиорациялық, қорғау және өсімін молайту іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргізу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергеннен кейін пайдаланушы жүргізетін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорын ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және оның деректерін нақтылау; 30) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері; 31) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат; 32) биологиялық негiздеме - жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды; 33) дериват - жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім; 34) аң-құс өсіру - аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі; 35) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары); 36) жануардың бөлігі (бұдан әрі - бөлік) - жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі; 37) жануарларды будандастыру - шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру; 38) жануарлар дүниесi - Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы; 39) жануарлар дүниесі объектілерін алу - табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу); 40) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру - жануарлар түрлерін ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру; 41) жануарлар дүниесiн қорғау - жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның ішінде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкін; 45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану; 46) жануарлар дүниесiн пайдалану - жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану; 47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат; 48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар; 49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян - жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян; 50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы; 51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы - жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта; 52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет; 53) жануарлар дүниесi объектiсi - жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы; 54) жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы; 55) жануарларды реинтродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру; 56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту - жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру; 57) жерсіндіру - жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өз маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу; 58) жолдама - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық); 59) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы; 60) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы; 61) кәсіпшілік қор - дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі; 62) кездейсоқ ауланым - рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі; 63) криоконсервіленген жыныс клеткалары - жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері; 64) қорықшы - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы; 65) қорықшы куәлігі - қорықшының құқықтарын куәландыра-тын, белгіленген нысандағы құжат; 66) қорықшылық қызмет - аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi; 67) қыстау шұңқыры - қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны; 68) өзен (теңіз, көл) бассейні - су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 69) рекреациалық балық аулау аймағы - әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі; 70) сервитут - аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы; 71) су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлық өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу; 72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау - су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені; 73) сүзу - жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс; 74) тыныштық аймағы - жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ; 75) уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) - жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 76) уылдырық шашу - балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы; 77) уылдырық шашатын орын - балықтардың уылдырық шашатын орны; 78) ұйық (ұйықтық учаске) - су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі; 79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн айқындау; 80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары 1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi; 2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi; 3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi; 5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi; 6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi. 2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi. 4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi объектiлерiне меншiк 1. Жануарлар дүниесi мемлекеттік меншiкте болады. 2. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады. 5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қатынастар субъектiлерi болып табылады. 2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқару
6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi: 1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету; 2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттік монополияға жатқызылған өнімнің басқа түрлерін экспорттау жөніндегі қызметті қоспағанда, жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөніндегі қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу; 4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу; 5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы; 6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау; 7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесі Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар; 4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) мамандандырылған ұйымдар; 6) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері; |