«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2018.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2018.11.07. № 507 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10831 тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында: 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі - МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады. МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады: 1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш; 2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде); 3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін); 4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚК үшін); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|