Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша (2022.13.05. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2021.29.06. № 39/8-7 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын. 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын. 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын. 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Целиноград ауданының әкімі
Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2021.29.06. № 39/8-7 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 463/69-6 шешіміне 1 қосымша
Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар: 1. Алаң, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 12. 2. Аудандық стадионға қарсы орналасқан алаң, Ақмол ауылы, 2- шағын ауданы, жер телімі 1187. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|