2023 жылға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, оның аумақтық департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның міндетін атқарушысының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 159 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 казандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекетгік кызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық департаменттері қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - Ішкі талдау) жүргізілсін. 2. Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын: - нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 3. Ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлға болып Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі және оның аумақтық департаменттеріндегі Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті жүктелген жұмыскерлері белгіленсін. 4. Ішкі талдау 2022 жылғы шілде және 2023 жылғы шілде аралығындағы кезеңді қамтысын. 5. Ішкі талдау 2023 жылдың 21 тамызынан бастап 29 қыркүйек аралығындағы мерзімде жүргізілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|