ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2018 жылғы 21 ақпан
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті депутаттар! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые коллеги, прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Енді, құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым). Баяндама жасау үшін сөз Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әбілқасымова Мадина Ерасылқызына беріледі. Мадина Ерасылқызы бүгін бізге бірінші рет келіп отыр. Сондықтан барша әріптеріміздің атынан, барлық депутаттық корпус атынан Сізді құттықтаймыз және жаңа жұмыста табыс тілейміз.
ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.
ӘБІЛҚАСЫМОВА М.Е. Үлкен рақмет. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті депутаттар! «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Мемлекет басшысының жұмыспен қамту орталықтарын реформалау, бірыңғай онлайн-платформа құру тапсырмаларын орындау үшін әзірленді. Заң жобасында үш кодекске және бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|