«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 545 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 12-1) және 13)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «12-1) қазынашылық сүйемелдеу - құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының - бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау; 13) жеке кабинет - мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;»; 1-тармақтың жетінші, сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді мынадай редакцияда 14)-тармақшамен толықтырылсын: «14) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі - электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры.»; 85-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|