Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 707 бұйрығы (2021.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 2 мамырдағы № 79 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.15.03. № ҚР ДСМ-22 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021.15.03. № ҚР ДСМ-22 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|