Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 2-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша көрсетілетін қызмет беруші арқылы; 2) екінші деңгейдегі банк кепіл туралы мәліметтерді қамтитын кепіл туралы шартты немесе өзге де шартты жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан жағдайда «Екінші деңгейдегі банктер» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) өзара іс-қимыл арқылы www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы (бұдан әрі - электрондық тіркеу) жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. ҚР Әділет министрінің 2017.12.07. № 882 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн көрсетілетін қызмет беруші қағаз жеткізгіште: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|