Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 352-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 9-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Регламентінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 2023 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей Стратегиялық талдау департаментіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы есепті ұсынсын. 3. Стратегиялық талдау департаменті 2023 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы есепті қалыптастырсын және оны Төрағаның қарауына ұсынсын. 4. Жоспардың іс-шараларын іске асыру мерзімдерінің сақталуын бақылау Ішкі әкімшілендіру департаментіне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 352-НҚ бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылға арналған
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|