«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3793 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде облыс әкімі аппаратына осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын; 5) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|