|
|
|
Құрбан айт (Құрбан-байрам) мейрамын мерекелеу кезінде Қарағанды облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысымен күші жойылды
Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Л. Залыгин, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағына және 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102, 104 және 107-баптарына сәйкес, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекция (бұдан әрі - КВИ) ауруының өсуіне байланысты және 2021 жылдың 19-23 шілде аралығындағы Құрбан айт (Құрбан байрам) мерекесі кезінде Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының дін істері басқармасы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, Қарағанды облысының бас имамы қамтамасыз етсін: 1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медреселерде адамдар көп жиналатын жерлерде іс-шаралар өткізуге тыйым салуды; 2) малды автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салуды; 3) БАҚ арқылы онлайн режимде Құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 4) ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандардағы сою пункттері, алаңдар) мал союды және өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді; 5) облыстың барлық аумағындағы сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды; 6) Qurban2021.kz сайтқа өтінім бере отырып, құрбандық шалуды онлайн режимде өткізуді; 7) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталығының жұмысын ұйымдастыруды; 8) мұқтаж адамдарға тартылған азық-түлікті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын өнімдерді (Құрбандыққа шалынған жануарлардың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді; 9) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу және әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың объектілерге ішінара тексерулер жүргізуді. 2. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етуге, қабылданатын шешімнің адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны Қарағанды облысы халқының назарына жеткізсін. 3. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары осы қаулы талаптарының сақталуын күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2021 жылғы 16 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |