Осы редакция 2019 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығына 4-қосымша
«Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - барлау, өндіру жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскелеріне сервитуттарды тіркеу (бұдан әрі - хат).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің (жұмысшылардың) құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекет ету тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін өтініштің немесе Көмiрсутегi шикiзатын, сондай-ақ көмір мен уранды қоспағанда жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген Жер асты суларды, шипалы лай мен қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес электрондық сұраудың болуы табылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11606 тіркелген). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің әр процедурасының (әрекеттің) мазмұны, оны атқару ұзақтығы: 1) қызметберуші кеңсесі жұмысшысымен бір сағат ішінде өтінішті тіркеу нөмірі және күні беру арқылы қабылдауы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|