Осы редакция 2017 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 232 қаулысына 14-қосымша
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушімен; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады: 1) жұмысқа орналасуға жолдама; 2) қоғамдық жұмыстарға жолдама; 3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, және біліктілігін арттыруға жолдама; 4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама; 5) жастар практикасына жолдама; 6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|