Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|