|
|
|
20.04.2022 Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы
Сот ғимаратына кірудің өз тәртібі бар. Сот кез-келген адам әрлі бері өте беретін аула емес екені анық. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң сақталар қағидалары бар. Сотта заңмен бекітілген қоғамдық тәртіпті сақтау, сот төрелігін жүзеге асыруда басқа тұлғалардың тарапынан соттың қызметіне араласуды болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыратын фактілерді ескерту және алдын алу мақсатында рұқсатнама және объектілік режимі туралы талаптар мүлтіксіз орындалады. Сот ғимаратына кірерде заңға қайшы келетін заттар әкелмеу, күзет қызметкерлеріне жеке куәлігін көрсету, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіру және іскерлік стильге сай келетін киіммен кіру, ұялы телефонын өшіріп күзет қызметкерлеріне тастауға, сотқа шақырған уақыттан кешікпеу сынды міндеттер орындалады. Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00 аралығында жүргізіледі.Түскі асқа үзіліс уақыты 12.30-дан 14.00 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады. Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіпті қадағалау күзет қызметкерлері және сот приставының өкілеттігіне кіреді. Сот ғимаратына келушілер сот отырысына қатысушылар немесе сот төрағасының қабылдауына келгендердің жеке куәлігі, адвокаттар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік куәлігімен және сотқа шақыру қағазымен кіруге рұқсат етіледі. Сот ғимаратына келушілер ғимаратқа кірер алдында күзет қызметкеріне сот приставына сотқа келу мақсатын айтуға, өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге немесе сотқа шақыру қағазын көрсетуге тиісті. Сотқа келген себебі анықталғаннан кейін өту үшін жеке тексеруден өтуге, қолындағы заттарын тексертіп ұялы телефондарын сөндіріп барлық заттарын сақтау камераларына өткізуге міндетті. Сот ғимаратына және сот отырысына алкогольдік, есірткілік және мас күйінде келген тұлғаларды және сырт келбеті қоғамдық жағымды мінез-құлыққа нұқсан келтіретін немесе іскерлік талаптарға сай келмейтін киіммен және заттармен келген тұлғаларды, заңды өкілдері немес педагог ұстазы жоқ 16 жасқа толмаған тұлғаларды сот ғимаратына кіргізуге тиым салынады. Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіп туралы ереже ҚР сот төрелігін іске асыру бағытын реттейтін заң нормаларымен сәйкестендірілген. Аталмыш ереже азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғалуын, судьялардың, сот қызметкерлерінің және сот отырысына қатысушы тұлғалардын қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпті сақтау, сот әділдігін жүзеге асыру барысында сот қызметкерлеріне араласуды, сондай ақ сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын деректердің алдын алу және болдырмау мақсатын көздейді. Сот ғимаратында келенсіз жағдайлар орын алмас үшін рұқсатнама тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Сотқа келген тұлғалар сот ғимаратына, сот отырысы залыңда белгіленген тәртіпті сақтауға тиісті. Сот ғимаратының қауіпсіздігі мен тәртібін тек сот приставы және күзет қызметкерлері ғана емес басқа сот қызметкерлерінінде міндеті болып табылады. Сотқа келушілер сот мәжілісі залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот мәжілісі барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейне –жазба және фото түсірім жасауға, ұялы телефон және тағы басқа байланыс құралдарын қосуға сот құжаттарының үлгілерін алуға болмайды. Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгіленген тәртіпті бұзған, сот қызметкерлерінің талаптарын орындамаған жағдайда, сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жұмыстан тыс уақытта сот ғимаратына кіру тәртібін күзет қызметкерлері қадағайлайды.
Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы С. Айжарық
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |