Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдар мен құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау жөніндегі комиссия қызметі туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 147 бұйрығы
«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдар мен құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдар мен құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау жөніндегі комиссия жұмысының регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары осы Регламенттің талаптарын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары М.М. Күлдіковке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 147 бұйрығына қосымша
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдар мен құтқарушыларды
1. Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдар мен құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмысының регламенті Комиссияның жұмыс тәртібін анықтайды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - Департамент) жанында құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|