Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2022.21.04. № 913 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 666 қаулысымен бекітілген
«Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік қаржыларды, коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алу басқару салаларына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Бөлімге ведомстволық мекемелер жатпайды. 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. 6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі, №52 «А» үй, пошталық индексі – 060005. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|