|
|
|
«Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер толықтырулар енгізу туралы
Мен, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Г.Ж. Байгутанова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9 бабының 8 тармағына 38, 85, 102, 104 және 107-баптарына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына, «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47/2021 бұйрығымен, Қарағанды облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысының негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 07 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына (бұдан әрі - қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу: 1) қаулының 3-тармағының 3.3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жұмыс және демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 03.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленсін; Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуіне жол беріледі. Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;»; Бұдан басқа, осы қаулының 1-қосымшаның II кестесіне сәйкес «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, қызметкерлер мен келушілерде (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР-тест сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарда) жұмыс режимі бойынша шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі;»; 2) қаулының 3-тармағының 3.48-тармақшасы мынадай мазмұндағы 36-абзацпен толықтырылсын: «түнгі клубтар.»; 3) қаулының 3-тармағының 3.7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі Берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерінің пациенттеріне (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруға рұқсат етіледі;»; 4) қаулының 17-тармағының 17.34-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген COVID-19-бен ауратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарды және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қолхат (бұдан әрі - қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды;»; 5) қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 6) қаулының 20-қосымшасындағы І тараудың 2-тармағының 13-тармақшасы алып тасталсын; 7) қаулының 25-қосымшасының 1-тармағы алып тасталсын; 8) қаулының 37-қосымшасының 8 және 9-тармақтары алып тасталсын; 9) қаулының 40-қосымшасының 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық басқармаларына жібереді;»; 10) қаулының 50-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 11) қаулының 51-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 29 қазандағы № 36-Қ қаулысына 1 қосымша
Қарағанды облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 07 қазандағы № 35-Қ қаулысына 1 қосымша
I. «Ashyq» жобасына қатысушы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері
«+» - қызметке рұқсат етілген; «✓» - қызмет ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; «-» - қызметке тыйым салынады; * - ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген, толтыру шарттары объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған; ** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді; *** - «қара-қызыл» аймақ - қатер деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 200-ден астам 100 мың тұрғынға шаққанда төсектердің толтырылу көрсеткіші кезінде); **** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).; ***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»;
II. Қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері
III. «Ashyq» жобасына қатыспайтын, әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемдері
«+» - қызметке рұқсат етілген; «✓» - қызмет ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; «-» - қызметке тыйым салынады. * - Ұйымдар, офистер қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде C0VID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-мен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. ** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді; *** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).;
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 29 қазандағы № 36-Қ қаулысына 2 қосымша
Қарағанды облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 07 қазандағы № 35-Қ қаулысына 50 қосымша
COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібі.
I. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібі 1. COVID-19 жұқтыру қаупінің жоғарылауы COVID-19 науқастарымен тығыз байланыста болған адамдарда болады. Расталған COVID-19 жағдайының жақын байланысы келесідей анықталады: - бір тұрғын үйде COVID-19 жағдайымен бірге тұратын адам; - COVID-19 немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінуімен ауыратын науқаспен қорғалмаған тікелей байланысы бар адам (мысалы, жөтел, қол алысу және т.б. кезінде); - ЖҚҚ (қорғаныш бетпердесін) пайдаланбай жабық үй-жайда болған адам (мысалы, сыныпта, жиналыс бөлмесінде, ауруханада күту бөлмесінде және т.б.) COVID-19 жағдайымен бірге 1,5 метрден кем қашықтықта 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде; - медициналық қызметкер немесе COVID-19 науқастарына тікелей күтім жасауды қамтамасыз ететін басқа адам немесе COVID-19 науқастарының биоүлгілерімен жұмыс істеген ұсынылған ЖҚҚ-сыз немесе ЖҚҚ қолдану қағидаларын ықтимал бұза отырып жұмыс істеген зертханалық мамандар; - ұшақта, қалааралық автобуста, пойызда, COVID-19 науқасынан кез-келген бағытта екі орындық қашықтықта болған, сондай-ақ COVID-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері. Жақын байланыстар орнату үшін эпидемиологиялық байланыстарды тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс. 2. COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыста): 1) COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Оқшаулаудың 3-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға контактіні (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеу нәтижесі теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн ішінде байланыста болған адаммен телефон арқылы оның денсаулық жағдайы (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) туралы нақтылайды, 14 күн өткен соң COVID-19 белгілері болмаған кезде карантин және оқшаулау аяқталады. ПТР-зерттеудің нәтижесі оң болған кезде МСАК маманы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19 науқасы туралы шұғыл хабарлама береді. 2) COVID-19-мен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде МСАК маманының медициналық тексерісінен өтеді. Covid-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн ішінде телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайы (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) туралы нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19 науқасы туралы шұғыл хабарлама береді. 3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде пациент осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес, оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 науқасымен соңғы байланыста болған кезден бастап 14 күнге амбулаториялық жағдайларда және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған кезде және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы МСАК маманы әрбір жағдайда жеке шешімді қабылдайды. Учаскелік терапевт үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдары болуын қадағалау үшін күн сайын қоңырау шалуға міндетті. COVID-19 науқасымен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған кезде карантин аяқталады. Карантин аяқталған кезде ПСМП маманы асимптоматикалық вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді (медициналық бетпердені, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық). Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да белгілері) учаскелік терапевт санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19 науқасы туралы шұғыл хабарлама береді. Шұғыл хабарлама келіп түскен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны асимптоматикалық вирус тасымалдаушыларды есептен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 29 қазандағы № 36-Қ қаулысына 3 қосымша
Қарағанды облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 07 қазандағы № 35-Қ қаулысына 51 қосымша
Үйде оқшаулау шарттары (Үй карантині)
Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19 жұқтырудың алдын алу және сол арқылы Қазақстан аумағында COVID-19 таралуының алдын алу. Үй жағдайында тұру кезінде карантин ұйымдастыру шарттары: Үй карантині келесі талаптар/шарттар орындалған жағдайда мүмкін болады: 1. Оқшаулауға жататын адамды (байланысқан, симптомсыз вирус тасымалдағыш) жеке бөлмеде орналастыру немесе 1 адамға кемінде 4 шаршы метр болған жағдайда бір бөлмеде бірге тұру мүмкіндігі бар болуы. 2. Байланысқан, симптомсыз вирус тасымалдағыш және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері алдын алу шараларын сақтауы тиіс (қолды сабынмен жиі жуу, күнделікті ылғалды жинау жүргізу, үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию). 3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары адамдары жоқ болуы (60 жастан асқан адамдар жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, созылмалы бүйрек аурулары, жүкті әйелдер). 4. Қалалық телефонға немесе ұялы байланысқа қол жетімділік бар болуы. 5. Үй карантині режимін міндетті түрде орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы. 6. Адам үй карантині режимін сақтау бойынша өзіне міндеттемелер алады және қолхатта жеке қолымен куәландырады. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |