|
|
|
21.01.2021 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескеру және тұрақты жүйелі мониторинг жүргізу арқылы талдау жасала отырып, жоспарлы түрде жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» Жарлығын іске асыру шеңберінде сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді. Жоспарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес негіздерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға және жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар көзделген. Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады: судья кадрларын іріктеу және даярлау, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдату; сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді және жүйелі іс-қимылдың басты шарты ретінде сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайту; заңнаманы одан әрі жетілдіру; сот процестеріне қатысушылар арасында жүргізілетін мерзімді әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі мен жариялылығын арттыру; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дәрежесін кеңейту; соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан - жақты тереңдету; соттар жұмысының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру; қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының тиімділігін арттыру. Бүгінгі күні сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру жүргізіліп, соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сот корпусының барлық құрамын және сот жүйесі, сондай-ақ қоғам қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тартуға жәрдемдесу жұмыстары өз көрінісін тауып жатыр. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың нысаналы индикаторлары: сот төрелігін іске асыру сапасы; сот жүйесі қызметкерлерінің халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы; қоғамның сот жүйесіне сенімі; елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыруға және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсартуға жәрдемдесу болып табылады. Біздің басты міндеттеріміз соттарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері тәуекелінің мүмкіндігін азайту, судьялар корпусы, сот жүйесі және қоғам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін анықтауға ғана жинақталмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға; Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес баршаның заң мен сот алдында теңдігі принципіне басты назар аудару қажет. Заңды мүлтіксіз сақтау биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты болып табылады; ашықтық қағидаты, сот жүйесінің ашықтығы. Азаматтар мен ұйымдар заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға құқылы, ал соттар мұндай ақпаратты заңға сәйкес беруге міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оларға теңестірілген соттардың жанынан жедел және ұйымдастыру мәселелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипаттағы мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген жалпы отырыс төралқалары құрылды. Кадрларды сапалы іріктеу мақсатында судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы заңнамалық тұрғыдан бекітілді, бұл да судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде ашықтық пен тәуелсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда Судья әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, олардың міндеті судьялар қоғамдастығы судьяларының әдеп нормаларын сақтауын бақылау, бұзушылық туралы жұртшылықтың өтініштеріне уақтылы ден қою болып табылады. Комиссия қызметінің мәні барлық судьялардың Судья әдебі Кодексінде көзделген моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын сақтауы болып табылады. Кез келген даму жолындағы жаңа мемлекеттің алдына қойған мақсаттарының бірі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріне қатысты ықтимал арандатушылық әрекеттердің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - Сіздің және біздің басты міндетіміз! Елдің күші - селдің күші демекші, мемлекетіміздің дүниежүзіне айқын болатындай мәртебесі асқақтай берсін. Тау тасымен көрікті, Ел жасымен көрікті. Еліміздің жарқын болашағы әр азаматтың қолында!
Теміртау қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Нурсултан Саин
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |