«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында: 65-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар».»; 66-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6086 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредиті.»; 85-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3040 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер»;»; 85-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4040 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер».»; 88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі қаражатты бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|