«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 28 қаулысының негізінде Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын және бекітілсін. 2. Облыс әкімі аппаратының басшысы (Б.К. Байахметов): 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.К. Байахметовке жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 105 қаулысына Қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|