«Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10861 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық жастар форумын өткізу тәртібімен: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетін мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) уәкілетті органның, орталық атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады. Ұйымдастыру комитеттің құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|