ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.29.06. № 471 бұйрығымен 8-4-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 8-4-қосымша ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен күші жойылды
5В110100 -«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриаттың үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
1-тарай. Білім беру бағдарламасының паспорты
1. 5В110100 -«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалавриаттың үлгілік кәсіби оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 5-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 36-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының медициналық білім беру ұйымдарында медицина кадрларын даярлаудың тәртібін анықтайды (бұдан әрі - Ұйым). 2. Бакалавриатта мамандарды даярлау мейіргер ісі саласын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. 3. Бакалавриат білім беру бағдарламасын меңгеруді қалаған тұлғалардың бастапқы білімі - жалпы орташа білім, техникалық және кәсіптік білім (барлық мамандықтар), жылдамдатылған оқу мерзімімен -кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім, «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша ортадан кейінгі білім. 4. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасына: 1) жалпы білім беру, базалық және бейімдеуші пәндер циклдерерінің міндетті және таңдау компоненттері бойынша теориялық білімі; 2) аралық және қорытынды аттестаттау кіреді. Білім беру қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады. 5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау Ұйым өздігінше анықтайтын әр түрлі бақылау түрлерімен жүзеге асырылады және бітірушінің басты құзыреттерін қалыптастыруды міндетті бақылауды қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|