Қазақстан Республикасында Де Монтфорт Қазақстан университетін құру туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасында Де Монтфорт Қазақстан университеті (De Montfort University Kazakhstan) (бұдан әрі - университет) құрылсын. Университет қызметінің негізгі нысанасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады. 2. Университет: Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Де Монтфорт Лестер университетінің (De Montfort University Leicester) атынан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін шетелдік оқу орны болып табылады; Қазақстан Республикасының аумағында жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесі болады деп белгіленсін. 3. Университет жалпы білім беретін пәндерді қоса отырып, аккредиттелуі Қазақстан Республикасының аумағында танылатын Де Монтфорт Лестер университетінің білім беру бағдарламалары негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|