«Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес жэне қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы кеңінен хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін арттыру, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Орталық атқарушы органдар (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда): 1) жергілікті халықтың мәселелерін жедел шешу мақсатында жьш ішінде «сұрақ-жауап» форматында халықпен кездесулер (бұдан әрі - өңірлік кездесулер) өткізсін; 2) техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда міндетті түрде пікір білдіру мүмкіндігімен онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда аудан орталықтарымен және басқа елді мекендермен бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы өңірлік кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін; 3) өңірлік кездесуде баяндама жоспарланған уақыттың төрттен бір бөлігінен аспауы тиіс; 4) халықпен өңірлік кездесу өткізгенге дейін: өңірлік кездесуді ұйымдастыруда, оның ішінде оны өткізу күні мен уақытын анықтау кезінде оның халыққа ыңғайлы болуын; өңірлерді саралау және басымдықтарын белгілеу мақсатында өңірлер бөлінісінде ағымдағы жағдайғаталдау жүргізуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|