Осы редакция 2016 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 2-қосымша
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет беруші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне кадастрлық ақпарат анықтама (бұдан әрі - ақпарат).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастаудың негізі: ХҚКО өтініш білдірген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; «электронды үкімет порталы арқылы өтініш білдірген кезде - қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|