Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика миністрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|